Жеңіл атлетика

World Atletics әйелдер арасында жылдың үздің атлеттері тізімін жариялады

World Atletics әйелдер арасында жылдың үздің атлеттері тізімін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы жылдың үздік спортшысы атағына ұсынылған әйел спортшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

World Atletics ресми сайтында жыл үздігі атануға үміткер спортшылар тізімі жарияланды. Тізімде кенлиялықтар Перес Джепчирчир (алыс қашықтыққа жүгіру), Фейт Кипигон (ұзақ қашықтыққа жүгіру), Эллен Обири (орта және алыс қашықтыққа жүгіру), Голландиядан Фемке Бол (асық ату), Сифан Хасан (алыс қашықтыққа жүгіру) бар. Сонымен қатар, эфиопиялық Летесенбет Гидеи (қашықтыққа жүгіру), Абабель Ешана (алыс қашықтыққа жүгіру), Англия спортшысы Лаура Муир (орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру), венесуэлалық Хулимар Рохас (үш қарғып секіру) және ямайкалық Элейн Томпсон (қысқа қашықтыққа жүгіру) үміткер. Жыл үздігін анықтау үшін дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығының мүшелері мен жанкүйерлер дауыс бере алады.

Соңғы шешім, яғни дауыс беру мүмкіндігі әлеуметтік желі қолданушыларына беріледі. Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз 5 желтоқсанда белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер