Күрес

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты Алматыда қаласында өтеді

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты Алматыда қаласында өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 2020 жылғы 19-26 қараша күндері Алматы қаласы "Достық" спорт кешенінде өтетінін хабарлайды. Чемпионат көрерменсіз өтеді. Чемпионат еліміздегі коронавирус инфекцияcының пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведмоствалық комиссия отырысының хаттамасындағы барлық санитарлық талаптарға сәйкес және UWW бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі. Барлық қатысушылардың өзімен бірге келу күніне дейін 1-3 күн бұрын өткізілген ПТР-сынағының теріс нәтижесі туралы анықтамасы болуы міндетті. ПТР-сынағының анықтамасы жоқ команда мүшелеріне чемпионатқа қатысуға рұқсат етілмейді", - делінген ресми хабарламада.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер