Ұлттық спорт

Шымкентте ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтті

news-banner7
mobile-news-top

Қазанның 28-і мен қарашаның 4-і аралығында Шымкент қаласында ұлттық спорт түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарыс көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан өтті. 4-ші қараша күні өткен көкпардың финалында Түркістан облысының «Құлагер» жастар командасы Жамбыл облысынан келген «Әулиеата» жастарын 6-2 есебімен жеңіп Қазақстан чемпиондары атанды. 3-ші орынға Алматы қаласының жастары ие болды.

Жарыстың жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және сопрт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» директоры Әлібек Нұрбаев пен ҚР Көкпар Федерациясының Президенті Мұхтар Имашев сөз сөйлеп жарыс жеңімпаздарының марапаттау салатанатын жүргізді.

Жамбы ату:
1-орын: Бақдаулет Бабажан (Жамбыл о) – 86,19 ұпай
2-орын: Батыр Бексауыт (Түркістан о) – 79,32 ұпай
3-орын: Ералхан Айкөз (Түркістан о) – 60,69 ұпай
3-орын: Ғалымжан Өміртай (Қызылорда о) – 57,27 ұпай

Теңге ілу сайысында жастарымыз бірнеше айналымдық іріктеулерден өтті. Ширек финалда екі айналым, жартылай финалда екі айналымда үздік шыққан төрттік финалда кім мықтыны анықтады. Жарыстың қорытындысы бойынша ҚР чемпионы түркістандық Ғалымжан Изжанов атанды. Толық орындар төмендегідей:

1-орын; Ғ.Изжанов (Түркістан о)
2-орын: Р.Комбаров (Түркістан о)
3-орын: Б.Сереков (БҚО)
3-орын: Ә.Айып (Алматы о)

Аударыспақ жарысында түркістандық спортшыларға қарсылас шақ келмеді. 5-алтынның 4-еуін осы өңірдің спортшылары еншіледі.

Аударыспақ:

50 келі:
1-орын: Айбек Жапаров (Жамбыл о)
2-орын: Оразғали Тұрсынбаев (Ақтөбе о)
3-орын: Алмас Бурахан (Ақмола о)
3-орын: Мейрамбек Рахым (Алматы о)

60 келі:
1-орын:Ермек Құралбай (Түркістан о)
2-орын:Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе о)
3-орын: Нұрдәулет Байсейіт (Қызылорда о)
3-орын: Еснұр Исақұл (Жамбыл о)

70 келі:
1-орын: Дарын Өткелбай (Түркістан о)
2-орын: Абылай Тұрсынбай (Ақтөбе о)
3-орын: Алмат Ләтіпбек (Шымкент қ)
3-орын: Жақып Икрам (Қызылорда о)

80 келі:
1-орын: Құрайыш Расул (Түркістан о)
2-орын: Берік Бекус (Шымкент қ)
3-орын: Рамазан Ғалел (Ақтөбе о)
3-орын: Бахытжан Мұхаметұлы (ШҚО)

80 келіден жоғары:
1-орын: Ғабит Ағабек (Түркістан о)
2-орын: Асланбек Сүндетов (Жамбыл о)
3-орын: Аслан Есенғарин (Ақтөбе о)
3-орын: М.Құсайынов (Атырау о)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер