Басқа

Алматы облысында шатыры құлаған спорт кешенінің шығыны анықталды

Алматы облысында шатыры құлаған спорт кешенінің шығыны анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысы Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің шығыны анықталды. Өңір басшысы Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде берген есебінде шығын көлемі шамамен 70-75 млн теңгеге бағалады.

Алматы облысының әкімінің айтуынша Елбасы тапсырмасымен қазір әр ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.

«Бұл бағытқа бюджеттен қаржы қарастырылған. Сондай нысандардың бірі Шонжы ауылында салынуда. Алайда мердігер кінәсінен шатыр құлады. Біз ол жерге комиссия жібердік. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының мамандары шешім шығарды . Олар жобалық шешімді бұзған. Металл құрастырмалардың түйіскен жерлерін төмендетіп жіберіп, шатыр құлады. Қайта оқиға ғимарат салынып жатқан кезде болды. Мұндай олқылықтарға жол бермеу керек. Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері жіті бақылып отыру керек», - деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ облыс басшысы құрылыс жұмыстарын Түркістан облысындағы Сарыағаштан ұтып алғанын, ал жобалаушы мекеме Жезқазған қаласынан екенін атап өтті.

«Мен оларды жұмыс істей алмайды демеймін. Бірақ мұндай істі қолға алған соң сапалы жасау керек. Мәселе құны – олар бәрін өздері қалпына келтіру керек. шығындарды есептедік. Шамамен 70-75 млн теңге. Біз оларға жұмысты уақытында аяқтау керек екенін ескерттік. Егер олар нысанды белгіленген мерзімде аяқтамаса айыппұл салынады. Одан кейін мұндай жауапсыз мердігердің мұндай жұмыстарға мүлдем тартпау туралы мәселе көтеретін боламыз», - деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешенінде үшінші блоктің шатырын жауып жатқанда металл ферма құлады. Құлаған блок аумағы – 1058,4 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер