Садақ атудан ел чемпионатында Алматы облысы топ жарды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТалғарда садақ атудан жастар мен ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті.
Командалық есепте Алматы облысы қара үзіп кетті. Олардың еншісінде 21 жүлде бар (11 алтын, 4 күміс және 6 қола).
Екінші орында 3 алтын, 10 күміс және 4 қола иеленген Шымкент командасы орналасқан.
Үздік үштікті Алматы қаласының садақшылары қорытындылады. Олар 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленді.