Жеңіл атлетика

Жылдың үздік атлеті атануға үміткерлердің тізімі жарияланды

Жылдың үздік атлеті атануға үміткерлердің тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) жылдың үздік атлеті атануға үміткер спортшылардың тізімін жариялады.

Жыл үздігі атағынан он спортшы дәмелі.

Үміткерлер қатарында 800 метрге жарысатын америкалық Донаван Брайзер, угандалық марафоншылар Джошуа Чептегеи мен Джейкоб Кейплимо, орта қашықтыққа жүгіретін кениялық Тимоти Черуйот, америкалық ядро лақтырушы Райан Круйзер, АҚШ спринтері Ноа Лайз, кедергілер арқылы жүгіретін норвегиялық Карстен Вархольм, балға лақтырушы Йоханнес Феттер (Германия) және диск лақтырушы Даниэль Шталь (Швеция), сондай-ақ, сырықпен секіруден әлем рекордшысы Арман Дюплантис (Швеция) бар.

Спортшыларға дауыс беру 15 қарашада аяқталады. Ал ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар 5 желтоқсанда жарияланбақ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер