ММА

UFC-дің бұрынғы чемпионы мансабын аяқтады

UFC-дің бұрынғы чемпионы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Андерсон Силва өзінің Instagram-да спорттан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгінгі күн ерекше - мен бүкіл өмірімді арнаған спорттан кетіп барамын. Көп жылдар бойы қолдап келген барлық жандарға алғыс айтқым келеді. Жетістіктерге жетуіме мүмкіндік бергені үшін Құдайға да ризамын.

Қиындықтар мен кедергілерді жеңе алатындығыңыздың үлгісі бола отырып, жүректеріңізде қаламын деп сенемін. Қанша қиын болса да, бас тарту туралы ешқашан ойламаңыз. Мен сіздерді жақсы көремін және құрметтеймін! « - деп жазды Сильва.

Силва қоштасу жекпе-жегін 1 қарашада UFC Vegas 12-де өткізді. Ол Юрая Холлдан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер