Велоспорт

Егор Карасев Түркияда екі жарыстан жүлде алды

Егор Карасев Түркияда екі жарыстан жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық маунтинбайкшылар өткен демалыс күндері Түркияда халықаралық додаға қатысты.

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

31 қазан күні спортшылар Alanya Avocado MTB Cup жарысына қатысты. Қазақстандық спортшылар ішінде Егор Карасев жоғары нәтижеге қол жеткізіп, екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, элитада Шәкір Адилов, Темірлан Мухамедьянов және Денис Сергиенко қатысып, алтыншы, тоғызыншы және де он екінші орыннан көрінді.

1 қараша күні Аланияда Alanya MTB Cup XCO додасында Егор Карасев тағы да көзге түсіп, қолаға қол жеткізді. Ал Шәкір Адилов мәреге төртінші болып жетті. Денис Сергиенко он бірінші, Темірлан Мухамедьянов он екінші орынға жайғасты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер