Басқа

Триатлоннан Қазақстан командасы кезекті бақылау жарысын өткізді

Триатлоннан Қазақстан командасы кезекті бақылау жарысын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Триатлоннан Қазақстан командасы елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында кезекті бақылау жарысын өткізді. Бұл туралы Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

"Атлеттер бұдан бұрын өткізілген бақылау жарыстарының нәтижесіне байланысты жекелеген жоспар бойынша жаттығуға кірісті. Мәселен, Семен Пивоваров жүгіруге көп көңіл бөлуі тиіс. Ғазиза Құмақбаева да көп жүгіріп, велосипедпен жаттығуда. Арина Шульгина жүзуге ерекше көңіл бөлуде. Әрине, бәрінің алдындағы негізгі міндет - жүзу техникасын жетілдурі болып қала береді.

Соңғы бақылау жарысында біз спортшылардың жылдамдығын қадағалау мақсатында жүзуден өткіздік. Команда мүшелері 100 метрге еркін әдіспен жүзуден жарысты. Бақылау қорытындысы бойынша Дарын Қонысбаев пен Семен Пивоваровтың көрсеткіші қуантты. Семен 58.2, Дарын 59.1 секундта жүзіп, жақсы нәтиже тіркеп отыр. Ануар Тұрыбаев өзінің жеке рекордын жаңартты.

Алдағы аптада осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, 200 метрге жүзуден жарыс өткіземіз. Бұл бақылау жұмыстары ең алдымен апталық жаттығудың нәтижесін байқау үшін қажет", - дейді команда бас бапкері Андрей Глущенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер