Велоспорт

Маунтинбайк: Түркиядағы турнирде қазақстандық спортшы «күміс» алды

Маунтинбайк: Түркиядағы турнирде қазақстандық спортшы «күміс» алды
news-banner7
mobile-news-top

Маунтинбайктан Түркияда өткен Alanya Avocado MTB Cup турнирінде қазақстандық Егор Касарев күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Карасев жасөспірімдер арасындағы «кросс-кантри олимпик» жарысында 49 минут 45 секунд нәтижесімен екінші орынға ие болды. Ол жарыстың жеңімпазы, Түркия өкілі Ахмет Акпынардан 15 секундқа қалып қойды.

Сол күні ересектер арасында «кросс-кантри олимпик» өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның екі өкілі алғашқы ондыққа енді. 1:09:59 нәтижесімен Шәкір Әділов 6-орынға, 1:10:44 нәтижесімен Темірлан Мұхамедьянов 9-орын алды. Тағы бір қазақстандық шабандоз Денис Сергиенко 19-орын иеленді. Украиналық Дмитрий Титаренко ересектер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер