Ертанов MTK Golden Contract турнирінің финалына жолдама алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз1 қарашада MTK Golden Contract турнирі аясында Дарын Имаханов пен Мирас Ертанов арасында жартылай финалдық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
69 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа есептелген. Бұл кездесуде WBС Asia youth белбеуі сарапқа салынды.
Нәтижесінде бұл жекпе-жекте Ертанов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, MTK Golden Contract турнирінің жеңімпазы ақшалай сыйлықтан бөлек, MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырады.