«Барселона» 18 жылдан бері алғаш рет Примераны нашар бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барселона» Примера матчында «Алавеспен» 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялықтар чемпионатта алты ойын өткізіп, сегіз ұпай ғана жинады. Бұл Барсаның 2002/2003 жылдан бергі ең нашар көрсеткіші. Ол кездері команданы голландиялық Луи ван Гал басқарған.
18 турдан кейін барселоналықтар 12-орында келеді, дегенмен запаста екі ойын бар.
Каталониялық клуб келесі турда «Бетиске» қарсы ойнайды.