Басқа

Құрама садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Құрама садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Құрама садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Садақ атудан Қазақстан чемпионаты Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында өтіп жатыр. Республикалық маңызды бәсекеде ересектер мен жастар сынға түсті. Ерлер арасында аталған санат бойынша Ақбарәлі Қарабаев жеңіске жетсе, Павел Фишер екінші орыннан көрінді. Ал Сергей Христич жеңімпаздар үштігін қорытындылады.

Ал әйелдер арасында Диана Макарчук үздік атанды. Адель Жексенбинова екінші орынға жайғасса, Виктория Лян үшінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан чемпионаты 4 қарашаға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер