Басқа

Садақ атудан жастар арасындағы ел үздіктері анықталды

Садақ атудан жастар арасындағы ел үздіктері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде классикалық санат бойынша жастар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Ұлдар арасында Түркістан облысының өкілі Андрей Кузьмин үздік атанды. Алматы облысының спортшысы Бақтұр Смағұл екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының садақшысы Андрей Горшков үздік үштікті қорытындылады. Ал қыздар арасында шымкенттік Диана Тұрсынбек бірінші, елордалық Анастасия Шапалова екінші болды. Алматылық Евгения Букина үшінші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық базасында өтіп жатқан ел біріншілігі 4 қарашаға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер