Бокс

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшылары кәсіпқой рингте бақ сынайды

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшылары кәсіпқой рингте бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

31 қазанда Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық әуесқой құрамасы мүшелерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі әлем чемпионы (2019) Бекзат Нұрдәулетов пен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019) Абылайхан Жүсіпов рингке шығады.

Олардан өзге, Евгений Павлов (1-0, 1КО) және Бек Нұрмағанбет те (1-0, 1КО) өз кездесулерін өткізеді.

Бір қызығы, жекпе-жектер 6 раунд форматында өтеді.

Бекзат Нұрдәулетовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы - Танзания өкілі Ибрагим Маокола (14-9, 9КО). Кездесу жартылай ауыр салмақта өтеді.

Абылайхан Жүсіпов бірінші орта салмақта Танзаниялық Мешак Мванкемвамен (21-7, 13КО) жұдырықтасады.

Тағы бір дебютант Данила Семенов ауыр салмақ дәрежесінде малавилік Мусса Аджибумен (28-15, 24КО) кездеседі.

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов танзаниялық Гудлак Мремамен (23-5, 13КО), Бек Нұрмағанбет те Танзания боксшысы Абдалах Паццимен (28-7-1, 25KO) жартылай ауыр салмақта жұдырықтасады.

Бокс кеші «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер