Басқа

Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды

Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды
news-banner7
mobile-news-top

ыСерік Қажатұлы есімді Баян-Өлгей аймағында туған қандасымыз бодибилдингтен «Моңғол мистері» чемпионатында жеңіске жетті.

Баян-Өлгей аймағының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Серік Қажатұлы Моңғолия астанасындағы Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылған «Моңғол мистері – 2020» атты ел чемпионатына қатысқан.

Ол 75 келі салмақта жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленген. Сондай-ақ бодибилдингтен Баян-Өлгей аймағынан шыққан алғашқы «Моңғол мистері» атанып отыр.

Айта кетсек, Моңғолияда спорттық жетістікке жетіп жүрген қандас спортшылар баршылық. Осы жылдың басында дзюдодан Орхон аймағында өткен Моңғолия чемпионатында 100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы екінші мәрте ел чемпионы атанған болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер