Хоккей

«Сочи» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

«Сочи» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Сочи» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

«Сочи» Батыс конференциясында нашар нәтиже көрсетіп жүр. 19 матчта бар болғаны 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орынға жайғасқан. Соңғы сегіз ойында бір-ақ рет жеңіске жетті.

Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 10-орында тұр. Бірақ елордалықтар 15 ойында 16 ұпай ғана жинаған. Қазақстандық клуб та биылғы маусымда тұрақсыз өнер көрсетіп жүр. Бірде жеңіске жетеді, бірде жеңіліп қалады. Мәселен жақында сырт алаңда үш ойында жеңіске жеткенімен, өз алаңында қатарынан екі ойында жеңілді.

Айта кетерлігі, бүгінгі ойында бас бапкер Юрий Михайлис Карлссон мен Маклюковқа сенім арта алмайды.

«Сочи» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер