Әлем футболы

Бартомеу «Барселона» президенті қызметінен кетеді

Бартомеу «Барселона» президенті қызметінен кетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл ақпаратпен Sport.es сайты бөлісті.

Дереккөздің айтуынша, Бартомеумен бірге директорлар кеңесінің мүшелері де отставкаға кеткен. Отставкаға президентке сенімсіздік білдіру себеп болды.

Каталония полициясы Бартомеуді сыбайлас жемқорлыққа айыптайды деп хабарланды. Айыптар Барсагат деп аталатын іске байланысты. Полиция Бартомеу клуб атынан жасалған мәмілелерден жеке қаржылық пайда алды деп санайды. Бартомеу I3 Ventures-ке төлемді келісімшарттың нарықтық құнынан алты есе жоғары мақұлдаған. Каталония билігі мұның не себепті болғанын тексеріп жатыр.

Бұған дейін «Барселонаның» Бартомеудің беделін қорғаумен айналысатын I3 Ventures компаниясымен келісім жасасқаны, сондай-ақ Лионель Месси, Жерар Пику және басқа ойыншыларды әлеуметтік желілерде сынға алғаны хабарланған болатын. Барселона президенті өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер