Акмаль Бахтияров Ресей кубогы матчында «Сочи» сапында үздіктердің бірі болды

Акмаль Бахтияров Ресей кубогы матчында «Сочи»  сапында үздіктердің бірі болды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Сочи» клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Акмал Бахтияров InStat статистикалық компаниясының индексі бойынша екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей кубогы үшін «Оренбургқа» қарсы матчта қазақстандық жартылай қорғаушы 268 ұпай жинап, «Сочидің» үздік ойыншылары тізімінде екінші орынға ие болды. Сербиялық қорғаушы Иван Миладиновичтен (292)24 ұпай ғана озып кетті. Бахтияров үшін бұл ресейлік клуб сапындағы Қазақстан жастар құрамасынан оралғаннан кейінгі алғашқы ойын болды.

Естеріңізге сала кетейік, Бахтияровтың командасы Ресей кубогының топтық кезеңінде «Оренбурқа» қарсы кездесуде пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Негізгі уақыт 1: 1 есебімен тең аяқталды.

Ал Ресей чемпионатында 12 турдан кейін 19 ұпай жинаған «Сочи» турнир кестесінің жетінші орынын иемденіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер