Велоспорт

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Түркияда жаттығып жатыр

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Түркияда жаттығып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми дерек бойынша, ұлттық құрама 11 қазаннан бері Түркия жерінде дайындықтарын пысықтауда. Аталған оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрама сапынан 11 спортшы қатысып жатыр. Атап айтқанда, Артем Захаров, Алишер Жұмақан, Асылхан Тұрар, Дмитрий Потапенко, Игорь Юсифов, Ғабиден Азен, Рамис Дінмұхаметов, Сергей Кармажаков, Бауыржан Жапарұлы, Дмитрий Носков, Руслан Елубаев және де Андрей Бетц шеберліктерін шыңдап келеді.

Бас бапкер Владимир Бушанский баптайтын велошабандоздардың жаттығу жиыны 12 қарашаға дейін өтеді деп жоспарланған.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер