Футзал

Екі қазақстандық клуб Еуропадағы 10 үздік клубтың тізіміне енді

Екі қазақстандық клуб Еуропадағы 10 үздік клубтың тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Қайрат» АФК мен «Ақтөбе» МФК клубтары УЕФА рейтингінің ТОП-10-ына енді. Бұл нәтиже қазақстандық командаларға 2020/21 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы жолды 1/16 финалдан бастауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтегі алғашқы тоғыз команда автоматты түрде 1/16 финалға жолдама алды, оның ішінде «Қайрат» пен «Ақтөбе» де бар. 32 команда арасындағы жеребе 2020 жылдың 4 желтоқсанына жоспарланған, матчтар 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді.

Алдын ала тур 24-29 қараша аралығында өтеді. Оған коэффициенттер кестесінде рейтингтері төмен 46 команда қатысады, олар жарыстың келесі кезеңіне 23 жолдама үшін таласады.

УЕФА футзал клубтарының рейтингі:

  1. «Барса» (Испания) – 69,001 ұпай;
  2. «Интер» (Испания) – 60,667;
  3. «Спортинг» (Португалия) – 57,999;
  4. «Қайрат» (Қазақстан) – 35,667;
  5. «Бенфика» (Португалия) – 33,332;
  6. КПРФ (Ресей) – 24,000;
  7. «Газпром-ЮГРА» (Ресей) – 20,333;
  8. «Ақтқбе» (Қазақстан) – 16,000;
  9. «Добовец» (Словения) – 14,501.
Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер