Басқа

Александр Мухин: Биатлоншылар карантин кезінде барлық талаптарды орындады

Александр Мухин: Биатлоншылар карантин кезінде барлық талаптарды орындады
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан ерлер командасының аға бапкері Александр Мухин спортшылардың карантиндегі дайындығына тоқталып, ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиындарының қалай өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан биатлон одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

«Індет кезінде бүкіл биатлон әлемі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған режимге көшті. Біздің еліміз де бұл жүйеден сырт қалған жоқ. Өйткені, Ұлттық олимпиадалық комитет пандемияға байланысты орталықтандырылған жаттығу жиындарын өткізе алмады.

Ал спортшыларды бабында ұстау үшін бізге аяқ астынан шешім қабылдауға тура келді. Мәселен, команданың жазғы жаттығу кезеңін Ақмола облысында қаладан жырақ жатқан Балкашино ауылында өткіздік. Бұл жерде жаттығу өткізуге арналған мүмкіндіктер бар.

Маусым, шілде және тамыз айларында үш жаттығу жиыны өткізіліп, ату техникасы мен жылдамдықты арттыру жөнінен жоспарланған жұмыстар атқарылды. Алматыдағы жаттығу жиыны басталар бұрын жеті күндік карантин жарияланды. Спортшылардың барлығы тауда ұзақ уақыт тұруға дайын болды дей алмаймын. Осыған қарамастан, Қазақстан ерлер командасы барлық жаттығуды ойдағыдай орындады.

Осы орайда, команда дәрігері мен массажшыға алғысымды айтамын. Жиын аяқталған соң бақылау жаттығуы өткізіліп, спортшылардың барлығы бірдей жазғы кезеңге сақадай сай еместігін көрдік. Бірақ, менің бақылауым бойынша команда үздіктері бабында, оларға әлі де уақыт керек. Әсіресе, жас әрі талантты спортшы Владислав Киреевті атап өткі келеді.

Әрі қарай Риддер қаласына қар түскенде жаттығуды жалғастырамыз. Кейін Щучинск қалаына ауысып, әлем кубогі кезеңдеріне дайындаламыз», - дейді аға бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер