Басқа

Жапония премьер-министрі Токиодағы Олимпиада ойындарының өту-өтпеуі туралы айтты

Жапония премьер-министрі Токиодағы Олимпиада ойындарының өту-өтпеуі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга Олимпиада және Паралимпиада ойындарын 2021 жылдың жазында Токиода өткізу туралы толық шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Мен келесі жылы Токио ойындарын өткізуге бел будым. Бұл адамзаттың коронавирусты жеңгенінің дәлелі болады», - деп баса айтты ол парламенттегі алғашқы негізгі сөзінде.

Сонымен қатар ол жарысты қауіпсіз ұйымдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.

Еске сала кетелік, Токио Олимпиадасы биыл өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты ол бір жылға шегерілді. Ол келесі жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін болады. Осы Олимпиада ең ауқымжды болып саналады, себебі мұнда спорттың 33 түрінен сайыстар өтеді, оған 10 мың спортшы қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер