Әлем футболы

«Хаттаманы орындамады». Италия спорт министрі Роналдуды айыптады

«Хаттаманы орындамады». Италия спорт министрі Роналдуды айыптады
news-banner7
mobile-news-top

Италия спорт министрі Винченцо Спадафора «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуды карантин талаптарын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Роналду медициналық хаттаманы сақтамады. Мұны тексеріс дәлелдеді. Кәсіпқой футболды тоқтатайын деп жатқан жоқпыз, бірақ А сериясы хаттама жасап, оны орындамады», — деді Спадафора.

Роналду биыл 13 қазанда Португалия құрамасы сапында жүрген кезде коронавирус жұқтырып, оқшауланған еді. Келесі күні футболшы Туринге оралып, карантинді сол жақта жалғастырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер