Футзал

«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды

«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды
news-banner7
mobile-news-top

«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz «Қайрат» АФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бүгін, 25 қазанда «Оқжетпес» Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді.

«Өкінішке орай, футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК - «Оқжетпес» МФК арасындағы бірінші матч өтпеді.

«Оқжетпес» МФК ойыншысынан алынған коронавирус сынамасының оң нәтижесіне байланысты ҚФФ кездесуді өткізу мүмкін емес деп шешті.

ҚФФ ережесіне сәйкес «Оқжетпес» клубына техникалық жеңіліс (0:5) есептелді», - делінген Алматы клубының хабарламасында.

Ертең, 26 қазанда «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер