Басқа

Айдын Көдек Bushido Qazaqstan Гран-приінің ширек финалына шықты

Айдын Көдек Bushido Qazaqstan Гран-приінің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік астанада жеңіл салмақта (61,2 келі) Bushido Qazaqstan Гран-приінің 1/8 финалындағы үшінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің үшінші жекпе-жегінде Айдын Көдек пен Бексұлтан Тұрсынов кездесті. Бұл жекпе-жек жоспарланған барлық үш раундқа созылып, шешім бойынша Көдектің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Көдек Bushido QazaqstanГран-приінің ширек финалына шыққан үшінші қатысушы атанды.

Бұған дейін Руслан Серікболовты жеңген Сұлтан Жолдошбек ширек финалға шықса, Мейірбек Төлегенов Ғабидолла Мырзашевтен басым түсіп, 1/4 финалға жолдама алды.

Айта кетелік, Гран-Придің басты сыйлығы автокөлік алдағы. Bushido Qazaqstan жекпе-жек кешінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер