Әлем футболы

ВИДЕО. «Ливерпуль» өз алаңында «Шеффилдті» жеңді

ВИДЕО. «Ливерпуль» өз алаңында «Шеффилдті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын чемпионатының 6-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Шеффилд Юнайтед» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондар үшін бұл ойын қиынған соқты. Қонақтар 12-минутта пенальтиден есеп ашты. «Қызылдар» бірінші тайм аяқталар тұста ғана Роберто Фирмино соққан голдың арқасында таразы басын теңестіре алды. Жеңісті голды 65-минутта Диего Жота өз атына жазды. Юрген Клопп шәкірттері қалған уақытта жеңісті есепті ұстап тұра алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер