Бокс

Бекзад Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

Бекзад Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

31 қазан күні бокстан Қазақстан командасының мүшелері, әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бапкерлер індет кезінде спортшыларды бабында ұстап, Олимпиада ойындарына дейін тыңғылықты дайындалу мақсатында осындай шешім қабылдаған

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары танзаниялық былғары қолғап шеберлері екені белгілі болды. Абылайхан Жүсіпов Мешак Мванкемвамен жұдырықтасса, Бекзад Нұрдәулетов пен Ибрагим Маокола қолғап түйістіреді. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев боксшылардың мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді. "Мұндағы біздің басты мақсатымыз – спортшыларды Олимпиадаға дейін бабында ұстау. Ғаламдық пандемия бізге үлкен кедергілерді алып келді. Токио Олимпиадасына толық құраммен жолдама алсақ та, індет салдарынан сегіз айдан бері ешқандай жарысқа қатыса алмай отырмыз. Ал боксшыларға жарыс практикасы керек. Сол үшін осындай қадамға бардық", - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер