Басқа

Жапония билігі Токио Олимпиадасындағы көрермендер қауіпсіздігін күшейтеді

Жапония билігі Токио Олимпиадасындағы көрермендер қауіпсіздігін күшейтеді
news-banner7
mobile-news-top

Жапония билігі коронавирус індетінің таралуына байланысты Олимпиада кезінде көрермендердің қауіпсіздігін күшейтеді.

Сондай-ақ, киберқауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга мәлімдеді.

«Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында адамзаттың коронавирус індетін жеңгеніне куә боламыз. Сондай-ақ, бұл ойындар бар әлемге Шығыс Жапониядағы ұлы жер сілкісінен зардап шеккен аймақтардың қайта бой көтергенін паш етеді», - дейді премьер-министр.

Сондай-ақ, Суга жарысқа қатысушылар мен көрермендердің вирус жұқтыру қаупін азайту үшін қатаң шаралар дайындалып жатқанын айтты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер