Әлем футболы

«Стандард» - «Рейнджерс» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды

«Стандард» - «Рейнджерс» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші турында бельгиялық «Стандард» пен шотландиялық «Рейнджерс» командасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында Стивен Джеррард жаттықтыратын «Рейнджерс» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, матч аяқталар тұста «Рейнджерс» шабуылшысы Кемар Руф керемет гол соқты.

27 жастағы англиялық шабуылшы өз жарты алаңында тұрып қарсылас қақпасын дәл көздеді. Мамандардың есептеуінше, Руф 54.6 метр қашықтықтан гол соққан.

Осылайша, бұл гол Еуропа лигасы тарихындағы ең алыс қашықтықтан соғылған гол ретінде тіркелді.

鲁夫精彩进球

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер