Басқа

Триатлоннан 2021 жылға арналған күнтізбеге өзгеріс енгізілді

Триатлоннан 2021 жылға арналған күнтізбеге өзгеріс енгізілді
news-banner7
mobile-news-top

World Triathlon 2021 жылғы әлемдік күнтізбеге бірқатар өзгеріс енгізді.

Онлайн жиында ұйым басшылары қысқы триатлоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін жерді анықтады. Жоспар бойынша, аталған доданы Андорра қабылдайды.

Триатлоннан әлемдік серия ойындарын Канаданың Монреаль қаласы қабылдайды. Әлемдік серия 2021 жылдың 24-27 маусымына жоспарланған.

Сондай-ақ, триатлоннан әлем кубогінің үш кезеңі өтетін орын анықталды. 17-18 сәуір күндері Мексиканың Уатулько, 29-30 мамырда Италияның Арцакене және 11-12 қыркүйек күндері Чехияның Карлова-Вары қаласында әлем кубогі кезеңдері ұйымдастырылады.

Ал қысқы триатлоннан әлем чемпионаты 19-21 наурызда өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер