Әлем футболы

Кеңесовтің командасына жаңа бас бапкер келді

Кеңесовтің командасына жаңа бас бапкер келді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің екінші лигасында (ФНЛ) бақ сынайтын «СКА-Хабаровск» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа жаттықтырушы Сергей Юранды ойыншыларға клубтың құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Александр Шкурин мен клубтың бас директоры Алексей Кандалинцев таныстырды.

Сергей Юран жаттықтырған соңғы команда - «Химки». Ол бұл клубты РПЛ-ге алып шыққан. Сонымен қатар Ресей кубогының финалында өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұл командада Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер