Бокс

Айбек Оралбай: Елімізде қандай жарыс өтетін болса да, қатысуға дайынмын

Айбек Оралбай: Елімізде қандай жарыс өтетін болса да, қатысуға дайынмын
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Айбек Оралбай ҰОК сайтына шағын сұхбат беріп, карантиннен кейін өткен оқу-жаттығу жиындарын қорытындылады.

Жаттығу жиыны Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында өтті. Бір айға созылған дайындық кезеңінің алғашқы екі аптасында физикалық күшімізді жетілдіруге көңіл бөлдік. Қалған екі аптада спаррингтік кездесулер ұйымдастырылды.

Негізі, осы жиыннан соң ТМД елдерінің қатысуымен өтетін жарысқа қатысатын ойымыз болған. Бірақ әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты турнир кейінге қалды. Жеке өзіме жарыстың жоқтығы қатты әсер етіп жатыр деп айта алмаймын. Егер қандай да бір турнир өтеді десе, қазір-ақ қатысуға дайынмын.

Қазір Ақмола облысының командасымен бірге Шымкентте өтетін ел чемпионатына дайындалып жатырмын. Қазір маған кәсіби бокстан ұсыныстар түсуде. Бірақ әзір әуесқой бокстан алыстамаймын. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау - менің басты мақсатым, - дейді Айбек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер