Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек өткізуге дайын

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек өткізуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіл әлемге қазақша стильді тағы бір көрсеткім келеді. Бұл туралы WBO Global және WBC Continental Americas нұсқалары бойынша орташа салмақтағы чемпион, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) айтты.

«Келесі жекпе-жегімді тағатсыздана күтіп жүрмін. Бүкіл әлемге қазақша стильді тағы бір көрсеткім келіп отыр», - деп жазды боксшы Twitter-дегі парақшасында.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте дайындық жаттықтыруға кірісіп кеткен.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.

Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер