ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы бір саты төмендеді

ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы бір саты төмендеді
news-banner7
mobile-news-top
22 қазанда Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 119-орынға (1153 ұпай) жайғасып, өткен аймен салыстырғанда бір саты төмендеді.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1765 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1752 ұпай) мен Бразилия (1725 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы айда екі матч өткізді. Алдымен 11 қазанда Алматыда Албания құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Бірақ 4 күннен кейін сырт алаңда Беларусьтен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

ФИФА рейтингісі:

1 (1). Бельгия — 1765 очка

2 (2). Франция — 1752

3 (3). Бразилия — 1725

4 (4). Англия — 1669

5 (5). Португалия — 1661

6 (7). Испания — 1639

7 (6). Уругвай — 1637

8 (9). Аргентина — 1636

9 (8). Хорватия — 1634

10 (10). Колумбия — 1631

...119 (118). Қазақстан - 1153.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер