Әлем футболы

Мануэль Нойер «Бавария» сапында рекорд жасады

Мануэль Нойер «Бавария» сапында рекорд жасады
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер мюнхендік клубтың қақпасын 200-матчта голдан аман қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турындағы Мадридтің «Атлетикосымен» кездесуде де (4:0) қақпасын сәтті қорғады.

34 жастағы Нойер «Бавария» сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Ол мюнхендік клубта барлық турнирде 394 матч өткізіп, қақпасына 288 гол өткізіп алды. Ол - Германияның 8 дүркін, Германия кубогының 6 дүркін, Германия Суперкубогының 5 дүркін жеңімпазы. Чемпиондар лигасында 2 рет, УЕФА Суперкубогында 2 мәрте жеңімпазы атанған. Клубтар арасындағы әлем чемпионатында да топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер