Әлем футболы

Мадридтегі сенсация. «Реал» өз алаңында донецкілік «Шахтерден» жеңіліс тапты

news-banner7
mobile-news-top

Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші матчында өз алаңында донецкілік «Шахтерден» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар салған жерден шабуылдап, 29-минутта Тете күшті соққымен есеп ашқан. Араға төрт минут салып, Рафаэль Варан өз қақпасына гол соғып, жағдайды ушықтыра түсті. Бірінші тайм соңына қарай, Соломон Тетенің берген пасын жақсы пайдаланып, есепті 0:3 жеткізді.

Зидан «сасқан үйрек артымен жүзедінің» керін келтіріп ойыншыларды бірінен соң бірін ауыстыра бастады. 54-минутта Модрич, 59-минутта Винисиус соққан голдар мадридтіктерді жеңілістен құтқара алмады. 90-минутта Вальверде мергендік танытып есепті теңестіріп еді, төреші VAR-ға жүгініп, голды есептемей тастады.

«Реал» - «Шахтер» - 2:3

Гол соққандар: 54 Модрич, 59 Винисиус - 29 Тете, 33 Варан - автогол, 42 Соломон.

Ескерту: 34 Асенсио, 87 Милитао - 8 Корниенко, 83 Бондарь

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер