Бокс

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпиондарға 100 пайыз дайынмын

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпиондарға 100 пайыз дайынмын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Forbes Kazakhstan басылымына берген сұқбатында әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Мен чемпиондарға 100 пайыз дайынмын. Әркім өз деңгейін, өз шамасын жақсы біледі. Мен қазір кәсіпқой бокс мансабымның өте шыңдалған деңгейіндемін. Жасым 27-де. Құдайға шүкір, денсаулығым жақсы. Жарақат жоқ. Өз салмағымның кез келген чемпионын ұруға, белбеулерін тартып алуға шамам толық жетеді. Күніне 2 мезгіл, 6 сағат жаттығу залындамын. Әртүрлі спарринг қарсыластармен жұдырықтасып, мамандармен ақылдасып, мықтылармен кеңесіп дайындық жасап жүрмін.

Жұма күні жекпе-жек өткіздім, дүйсенбі залға келіп жаттығуымда қайта бастадым. Маған демалу, қыдыру деген қызық емес. Менің бар ойым чемпиондық белбеу. Соған қол жеткізбейінше тоқтамаймын. Канело? Оған қарсы менде ондаған айла-тәсіл бар. Шыңдап, дайындап қойғанмын. Чарло? Оның Деревьянченкoмeн жұдырықтасуын көргендер оныншы раундта шаршап қалғанын да көрді. Андраде? Ашық бокстасады. Жақтарын ашық ұстайды. Қарсы соққыға оңай түседі. Мен жәй бір-екі мысал ғана келтіріп отырмын. Барлық чемпионға тактикалық тұрғыдан дайынбыз. Залда құр тер шығарып, энергиямды тауысып жүрген жоқпын. Күн сайын чемпиондарға дайындаламын, - дейді боксшы.

Еске салайық, 9 қазанда Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6 КО) жеңген еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер