Бокс

Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде бір саты төмендеді

Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде бір саты төмендеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин The Ring журналының салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңартылған рейтингінде бір позициясын жоғалтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG Pound-for-pound рейтингінде сегізінші орында. Бұған себеп- рейтингтің екінші нөмірі, украиналық Василий Ломаченко, Теофимо Лопестен жеңілгеннен кейін жетінші орынға түсіп кетуіне байланысты. Америкалық былғары қолғап шебері әлемдегі ең үздік боксшылар тізімінде тұңғыш рет алтыншы орынға көтерілді.

Көшбасшылықты әлі күнге дейін мексикалық Сауль Альварес ұстап отыр. Екінші орынды жапондық Наоя Иноуэ иеленді. Үздік үштікке америкалық Теренс Кроуфорд та кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер