Бокс

IBF Головкинмен жекпе-жекке тағы бір үміткерді анықтайды

IBF Головкинмен жекпе-жекке тағы бір үміткерді анықтайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF титулына тағы бір міндетті үміткермен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 қарашада Германияның Вольфсбург қаласында жергілікті боксшы Патрик Войцицки Sauerland Event компаниясы ұйымдастыратын кеште канадалық Патрис Вольнимен кездеседі. Боксшылар IBF рейтингінде сәйкесінше 4-ші және 6-шы орындарды иеленіп тұр.

Головкин, 20 қарашада, Лос-Анджелесте поляк Камил Шереметамен жекпе-жекте әлем чемпионы атағын қорғауы керек. Бұл қазақстандықтың алғаш рет өз белдігін қорғауы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер