Басқа

Андрей Глущенко: Жаттығу жиынының алғашқы аптасы ойдағыдай өтті

Андрей Глущенко: Жаттығу жиынының алғашқы аптасы ойдағыдай өтті
news-banner7
mobile-news-top

Триатлоннан Қазақстан командасы елордада жаттығу жиындарын жалғастыруда. Команда бас бапкері Андрей Глущенко дайындық кезеңінің алғашқы аптасын қорытындылады.

«Жаттығу жиындарының алғашқы аптасына қарап, спортшылар жақсы жұмыс істеді деп сеніммен айта аламын. Команда мүшелері жүзуге көңіл бөліп, жалпы физикалық дайындықты арттырды және жүгіруді де ұмытқан жоқ.

Бақылау жарысы да сәтті өтті. Спортшылардың биыл мүлде жүзбегенін ескерсек, бұл жақсы көрсеткіш. Бақылау жарыстарының алғашқы бөлігінде Семен Пивоваров пен Ерасыл Аманжолов жақсы нәтиже көрсетті.

Осы бағытта жалғастырса берсе, екеуінің де әлемдік деңгейдегі атлеттермен бәсекелесетін әлеуеті бар», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер