Әлем футболы

Буффон рекорд жаңартты

Буффон рекорд жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының 4-туры аясында «Ювентус» сырт алаңда «Кротонемен» 1:1 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон рекорд жаңартты.

«Кротонеге» қарсы ойында Буффон Италия чемпиионатындағы 650-кездесуін өткізді. Осылайша ол Италия А сериясында 650 матч өткізген алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетейік, Буффон А сериясындағы алғашқы кездесуін 1995 жылы 11 қарашада өткізген. Бір қызығы, «Кротонеге» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан он ойыншының жетеуі ол кезде дүниеге келмеген екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер