Әлем футболы

Вирджил ван Дейк 7-8 ай алаңға шыға алмауы мүмкін

Вирджил ван Дейк 7-8 ай алаңға шыға алмауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк «Эвертонға» қарсы ойында ауыр жарақат алды.

Футболшы кездесудің 11-минутында қақпашы Джордан Пикфордпен соқтығысқаннан кейін алаңнан кетуге мәжбүр болды. Қызылдар ван Дейктің жарақат алғаны туралы әлі күнге дейін мәлімдеме жасаған жоқ.

Бірақ, bein Sports порталының жазуынша, голландиялықтың тізе байламдарының үзілуі туралы күдік бар. Егер солай болса, қорғаушы 2020/21 маусымының барлығын өткізіп жібереді, өйткені оны қалпына келтіру үшін 7-8 ай қажет болады. Жақын арада ван Дейк әріптесі Тьяго Алькантарамен бірге терең тексеруден өтеді. Мерсисайдтық дербиде испан ойыншысы да жарақат алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер