Әлем футболы

Таулы Қарабақта армян футболшысы қаза тапты

Таулы Қарабақта армян футболшысы қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Ереванның «Локомотиві» 18 жастағы жартылай қорғаушы Эрик Сарянның қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Жас футболшы жақында Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарулы қақтығыс өршіп тұрған Таулы Қарабақтағы майданда қаза тапты.

«Қайғылы жаңалықты жеткіземіз. Эрик Сарян Армения-Әзірбайжан шекарасындағы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Біз қайғыға ортақтасамыз және оның отбасы мен жақындарына қолдау білдіреміз. Жеңіс біздікі болады», - деп жазды команданың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер