Жеңіл атлетика

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшының нәтижесі

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшының нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Гдыняда (Польша) жартылай марафоннан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды.

Коронавирус пандемиясымен жағдайдың күрделенуіне қарамастан, Польша Федерациясы чемпионатты жоғары деңгейде өткізе алды. Әр қатысушы қатаң ережелерді ұстанғанын атап өткен жөн.

Әйелдер жартылай марафонында жаңа әлемдік рекорд орнатылды. Кениялық Перес Джепчичир қашықтықты 1: 05: 16-да жүгіріп өтті. Турнирде Қазақстан атынан Татьяна Нерознак қатысты.

Ол өзінің жеке жетістіктерін айтарлықтай жақсартты. Атап айтқанда, 1:17:07 нәтижесін көрсетті. Осыған қарамастан, ол қашықтықты бағындырған 100 спортшының ішінде 88-ші болды.

Айта кетерлігі, жартылай марафонда әйелдер арасындағы Қазақстанның рекорды Гарифа Кукуға тиесілі - 1:12:52. Ол 1994 жылы Ослода орнатылған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер