Басқа

Әуе рейсінде жанжал шығарған жолаушыны құрықтаған спортшылар марапатталды

Әуе рейсінде жанжал шығарған жолаушыны құрықтаған спортшылар марапатталды
news-banner7
mobile-news-top

Fly Arystan әуе компаниясының Алматы – Ақтау бағытындағы рейсінде шу шығарып, экипаж мүшелерін тыңдамаған жолаушының сабыр сақтауына көмектескен спортшылар марапатталды.

24 қыркүйек күні Fly Arystan әуе компаниясының КС7175 рейсінде азамат А. мас күйде экипаж бен жолаушыларды балағаттап, жарты жолда ұшақтың Шымкентке тоқтауын талап етеді. Сөйтіп экипаж мүшелерінің сөзіне құлақ аспай, әуедегі ұшақтың есігін ашуға талпынады. Артынша стюардессаларға сес көрсетіп, медициналық маска тағудан бас тартады. Ұшақ экипажы тыныштық сақтауға шақырғанына қарамастан ол шу шығарып, стюардессаны тұншықтыра бастаған. Абырой болғанда оларға спортқа бейім жолаушылар көмектесіп, бұзақыны құрықтайды. Мас жолаушыны рейс аяқталған соң тәртіп сақшылары алып кеткен.

Fly Arystan әуе компаниясы қиын сәтте экипажға көмектескен спортшылар Нұрлан Боханов пен Манас Тұрабековті марапаттап, әуе билетін сатып алуға ваучер сыйлады.

Шу шығарған азаматты тыныштандыруға көмектескен Манас Тұрарбеков бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ұстаз. Қолы бос кезде дзюдомен шұғылданып, қол күрестен жарыстарға қатысады. Ал Нұрлан Боханов әкімшілік қызметте болғанына қарамастан спортты әлі тастамағанын айтады.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер