Еркін күрес

Данияр Қайсанов: Әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берсе, күресуге дайынбыз

Данияр Қайсанов: Әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берсе, күресуге дайынбыз
news-banner7
mobile-news-top

UWW күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионатының Сербияда өтетінін ресми түрде мәлімдеді. Осыған орай, еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Данияр Қайсанов өз пікірімен бөлісті.

– Әлем біріншілігіне қатысуға рұқсат етсе, біз күресуге қашанда дайынбыз. Өйткені, біз сегіз айдан бері ешқандай жарысқа қатыспадық. Бұл кәсіби спортшы үшін үлкен үзіліс.

Қараша айында ел чемпионаты ұйымдастырылады деген хабар алдық. Бұл да үлкен қуанышты жайт. Бүгінге дейін көптеген елдер ішкі біріншілігін өткізіп тастады. Сондықтан, балуандардың барлығы жарыс өтетін күнді асыға күтіп жүр.

Ал жаттығу жиындарына келер болсам, Шымкенттегі дайындық кезеңі өте жақсы өтті. Оңтүстік өңірдің күн райы да, базаның жағдайы да өте жақсы екен. Бізге жақсы әсер етті. Әрине, бір ай бойы жаттығу оңай емес. Бірақ ешқандай артық салмақ қоспай, жиынды жақсы деңгейде өткіздік, - дейді Қайсанов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер