Сынауға құқымыз жоқ па?!
Бокс

Қанат Исламның промоутерлік компаниясы АҚШ-ты бағындырмақ

Қанат Исламның промоутерлік компаниясы АҚШ-ты бағындырмақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның Qazaq Promotions промоутерлік компаниясы американдық Raynelo Boxing Management LLC және KO ADDICTION'S компанияларымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл келісім қазақстандық компанияға америкалықтармен бірге бокс кештерін ұйымдастыруға және қазақстандық боксшыларға АҚШ-та өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

«Бұл біз үшін үлкен жетістік. Енді қазақ боксшылары Америкада екі ай сайын өтетін халықаралық бокс кештеріне қатыса алады. Біз, Qazaq Promotions компаниясының атынан, өзіміздің жастарға АҚШ-та өзін көрсетуге көмектесеміз. Бұл біздің спортшылар үшін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Мен өзім осындай бокс кештерінің бірінде өнер көрсетемін. Қазір рингке оралуға дайындалып жатырмын», - деді Қанат Ислам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер