Әлем футболы

УЕФА президенті Еуропа чемпионатының матчтары өтетін қалалар саны қысқаратынын айтты

УЕФА президенті Еуропа чемпионатының матчтары өтетін қалалар саны қысқаратынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА президенті Александр Чеферин коронавирустың жаңа өршіп тұрғанда алдағы Еуропа чемпионатының қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз жағдайды үнемі бақылап отырамыз, турнирдің өтетініне сенеміз. Әу баста қалай жоспардладық, солай өтуге тиіс. Сонымен қатар айта кету керек, біз чемпионатты 12 елде емес, 11, сегіз, бес немесе бір жерде өткізуіміз мүмкін», - дейді Чеферин.

ЕURO 2020 биыл жазда өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемияға байланысты 2021 жылдың жазына қалды. Сонымен бірге турнир өз атауын сақтап қалды.

УЕФА бұған дейін пандемияға байланысты ЕURO 2020 матчтарын өткізетін қалалар тізімін қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер