Күрес

Нұрлан Аманқосов: Әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берсе, нұр үстіне нұр болар еді

Нұрлан Аманқосов: Әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берсе, нұр үстіне нұр болар еді
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтауға жақын. Бас бапкер Нұрлан Аманқосов Бүкіләлемдік күрес ұйымының (UWW) биылғы әлем біріншілігін өткізуге қатысты шешіміне өз пікірін қосты.

– Жақында өткен жиында халықаралық ұйым күрес түрлерінен Белградтағы әлем чемпионатын өтетінін мәлімдеді. Бұл балуандар қауымы үшін жақсы жаңалық. Өйткені, бірнеше айдан бері жарыс көрмей отырмыз. Бірақ біздің аталған сынға қатысуымыз неғайбыл.

Еліміздегі ведомствоаралық комиссия шетелдерде жаттығу жиынын өткізуге және жарысқа қатысуға тыйым салды. Тек ел чемпионаты ғана өткізілуі мүмкін. Әрине, үмітімізді үзбейміз. Әлі де болса әлемдік сынға қатысамыз деген ниетіміз бар.

Лицензиялық турнирлер қарсаңында бұл өте маңызды турнир болмақшы. Сондықтан, әліптің артын бағып, нақты шешімді күтеміз. Әлем біріншілігіне баруға рұқсат етсе, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді бапкер. Айта кетелік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 2020 жылдың 12-20 желтоқсаны аралығына жоспарланған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер